Қазақстан Мәслихаттарының 30 жылдық және Теңге ауылының 60 жылдық мерейтойына орай футболдан SAMRUK CUP 2024 республикалық турнирі өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, республикалық сайыс бес күнге созылған. Оған Орал, Ақтөбе және Маңғыстау өңірінен 16 команда қатысып, 250 спортшы күш сынасты. Кіл мықты бақ сынаған аяқ доп додасынвң ақтық сайысында Ақтау, Жаңаөзен командалары өнер көрсетіп, жүлдені «BerAli» командасы иеленді.
Айта кетейік, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық мәслихат депутаттарының ұйымдастыруымен өткен турнир «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржыландыруымен жүзеге асты.