
Ақтауда 22 шағынаудандағы 16 үйге қарама қарсы тас жолда Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан көлікке жол бермеген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Көлік иесі солға бұрылу кезінде қарсы бағыттан келе жатқан автокөлікке жол бермей, апаттық ахуал тудырған.
Ақтау қалалық полиция басқармасы көлік жүргізушісі Әкімшілік кодекстің 606-бабының 1-бөлігімен жауапкершілікке тартылғанын айтты.
Сондай-ақ 3 шағынаудандағы Достық үйіне қарсы жолда Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі өз жолаушысының қауіпсіздік белдеуін тақпай, борттан жартылай шығуына жол бергені анықталды.
«Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 593-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама жасақталды» - дейді қалалық полиция басқармасы.