Құлсары қаласындағы су басу салдарын жою мақсатында Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен арнайы техникамен жабдықталған көмек бригадасы Құлсары қаласына аттанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көмек бригадасының құрамында 30-ға жуық техника және 60-қа жуық адамдар бар. Сонымен қатар, арнайы жасақ азық-түлік, құрал-саймандармен толық жабдықталған.
Айта кетейік, арнайы техникамен қамтамасыз еткен ұйымдар қатарында «Өзенмұнайгаз», «KazPetroDrilling» АҚ, «Бұрғылау», «МұнайФилдСервис», «Өзенмұнайсервис», «ҚазГӨЗ», «Кен-Құрылыс Сервис» ЖШС және «Өзенжылу», «Өзенинвест», «Өзенэнергосервис» МКК бар.
Сондай-ақ, қалалық мәслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер және еріктілер де өз үлестерін қосуда.