21 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 15 команда Павлодар облысындағы Төртқұдық елді мекенінен Ақмола облысының аумағындағы Торғай елді мекеніне аттанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, үшінші кезеңнің мәресі Торғай елді-мекені маңында аяқталды.
Үшінші кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы қаласының командасы үштікке ілікті.
Өкінішке қарай, үшінші кезеңде Шығыс Қазақстан облысының командасы жарыстан шығып қалды.
Үшінші кезеңде Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Абай, Павлодар, Ақмола, Ұлытау облыстарынан екі аттан, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласынан бір-бір аттан жарысқа жарамсыз деп танылды. Алматы қаласы мен Жамбыл облысы бес атпен жарысқа шығады. Жалпы 22 мамырда 3-кезеңді 14 команда жалғастырады.
Айта кетейік, жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.