Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы тексерістен өтуге кірісті. Ол төрт жыл сайын өткізіледі. Оған Ұлттық ұланның Атырау, Ақтау, Орал қалаларында орналасқан әскери бөлімдері қатысады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тексерудің мақсаты – Ұлттық ұлан әскерлерінің жауынгерлік әзірлігінің жай-күйін, әскери қызметшілердің дайындық деңгейін, кәсіби дағдыларын анықтау.
Тестілеу кезінде әскери қызметшілер оқу-жаттығу, тактикалық, дене және атыс даярлығы, мемлекеттік құқықтық дайындық, әскери топография және басқа да негізгі пәндер бойынша сынақ тапсырады.
Айта кетейік, тексеруді Ұлттық ұлан қолбасшылығынан арнайы құрылған комиссия мүшелері жүргізеді. Тексеру 2-12 қазан аралығында жалғасады.