Жыл басынан бері Ақтау қаласы полиция басқармасы жедел басқару орталығының “102” кезекші пультіне түрлі сипаттағы 189 504 шақырту келіп түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық ПД сілтеме жасап.
Ал “Азаматтардың хабарламаларын қабылдау процесінің омниканалдығы” бойынша тәулік бойы жұмыс істеп тұрған мобильді қосымша арқылы барлығы 106 хабарлама тіркелген.
Полиция департаменті мамандарының хабарлауынша, тоғыз айдың қорытындысына сәйкес ЖБО қызметкерлерімен қала аумағында 163 қылмыс ашылып, 20 681 құқық бұзушылық анықталды.
- Қоғамдық қауіпсіздікті үздіксіз қамтамасыз етіп отырған қырағы сақшылармен бейнебақылау камералары арқылы 1363 ұсақ бұзақылық дерегі тіркеліп, құқық бұзушылар әкімшілік жауапқа тартылды. Бұдан бөлек 1371 тұлғаға қатысты әкімшілік кодекстің 440-бабымен шара қолданылып, тиісті хаттамалар жасақталды,- делінген хабарламада.