Осыдан тура бір жыл бұрын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Ақтау қаласында орналасқан 3502 әскери бөліміне шақыртылғын сарбаздар өздерінің туған үйлеріне оралды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған сарбаздар бір жыл бойы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3502 әскери бөлімінде қызмет атқарып, мемлекеттік маңызды объектілерді күзетіп, өздеріне берілген жауынгерлік тапсырманы жоғарғы деңгейде атқарып келді. Ел алдындағы қасиетті борыштарын мінсіз орындаған сарбаздарды 3502 әскери бөлімінің басшылығы салтанатты түрде әскери бөлімнің мәдени демалыс орталығында салтанатты түрде шығарып салды.
- Аз ғана уақыт ішінде әскери саланың қыр – сырын үйреніп, әскери техника мен түрлі қару жарақтарды меңгеріп міне бүгін үйлеріңізге оралғалы тұрсыздар. Енді Сіздер еліміз бен жерімізді қалай қорғау керек екендігін білесіздер. Осы әскери өмірден алған тәлім – тәрбиелеріңіз алдағы азаматтық өмірлеріңізге өз көмегін тигізетіндігіне сенімдімін, - деді 3502 әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушысы майор Райымбек Жакупов.
Шарада жауынгерлік қызмет барысында ерекше көзге түскен жауынгерлерге мінсіз қызметтері үшін грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.