Ақтауда жасыл желектерді зиянкестерден қорғау мақсатында химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жұмыстарға екі техника мен 9 қызметкер жұмылдырылды. Химиялық өңдеу жұмыстары сағат 21:00-03:00 аралығында жүргізіледі.
- Мамыр айының басында Ж. Жиембаев атындағы «Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының» мамандары қаладағы жасыл желектерге мониторинг жүргізген болатын. Арнайы зертханада жүргізілген талдауға сәйкес тиісті ұсыныстар берілді. Осы ұсыныстар негізінде химиялық өңдеу жұмыстарына зиянкестерге қарсы препараттар қолданылып отыр. Бұл адамдар мен жануарларға ешқандай қауіп келтірмейді. Қаладағы жасыл желектерді зиянкестерден қорғау мақсатында жүргізіліп отырған химиялық өңдеу жұмыстары жасақталған дендрологиялық жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда, - деді «Дезинфекция» медициналық мекемесінің басшысы Дәурен Тауасаров.
Химиялық өңдеу мына мекен-жайлар бойынша жүргізілді:
- «Шотан батыр» ескерткішінен бастап «Akkala mall» сауда орталығына дейін;
- 6 шағынаудан «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясынан бастап 9 шағынаудандағы айналма жолға дейін;
- 8 және 10 шағынаудан арасындағы автокөлік жолының екі бағыты.