Түпқараған ауданына қарасты Сәубет агроаймағына жататын Үдек жеріне газ желісі тартылуда. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Дидарбек Жантуаров айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Дидарбек Жантуаровтың айтуынша, жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр.
- Үдек жеріне газ желісін тарту жұмысы басталып кетті. Бұған дейін аталған орынға инженерлік желілер тарту мәселесі көтеріліп жүрген болатын. Биыл шешімін тауып, мердігер мекеме "АБТМ" ЖШС жұмыстарын жүргізуде. Бұл агроаймаққа газ желісін тарту арқылы тұрғындарға, кәсіпкерлерге жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді, - дейді Д. Жантуаров.
Сонымен қатар жақын арада тоқ тарту жұмыстары аяқталады. Қазірдің өзінде тоқ желісі мен газ тарту жұмыстары 80%-ға аяқталып тұр.