Түпқараған ауданында Каспий теңізінің шомылуға тыйым салынған жерінде суға түсіп, батып бара жатқан ер адам құтқарылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық ТЖД-ның хабарлауынша ер адам 2003 жылы туған.
«Жедел-құтқару жасағы жас жігітті судан шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды», -деп жазылған хабарламада.
ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауға шақырады.