Құтқарушылар терезені ашық қалдыру балаларға қауіпті екенін ескертеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері балалардың ересектердің қарауынсыз қалуынан болады. Жыл сайын көптеген балалар жоғарғы қабаттардан құлап ауыр жарақат алады.
«Төтенше жағдайлар қызметі кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Терезедегі москит торлар балаларды құлаудан қорғауға арналмаған.
Ересектердің қарауынсыз балалардың балконға шығуына жол бермеңіздер», - делінген хабарламада.