Маңғыстау облысының қызметкерлері рейд барысында су айдындарында қауіпсіздік ережелеріне қатысты бірқатар бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Атап айтқанда түнде шомылу, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру, жолаушыларды құтқару кеудешелерінсіз жүзу құралдарымен тасымалдау анықталған.
Төтенше жағдайлар министрлігі биыл облыста шомылу маусымы басталғаннан бері барлығы 75 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.