Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 22 шағын ауданның бір үйінде екі күдікті ұсталды. Тінту нәтижесінде мекен-жай бойынша есірткіге ұқсас 17 бұта, екі дана жарықтандыру құрылғысы, 4 пакет тыңайтқыш анықталып, тәркіленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-не сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 31 және 41 жастағы күдіктілерді ұстады. Бұл факт ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігі бойынша Ақтау ҚП сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген (құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру). Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.