20-дан астам заманауи әскери техника «Батыс» өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскері бригадасына берілді.
Ақтау гарнизонының 25744 әскери бөлімі КамАЗ 43114 маркалы дөңгелекті көлігі, техникалық көмек көрсету көліктері, сондай-ақ шағын сыныпты ПАЗ-32054 автобустарымен толықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
«Алынған жаңа техникалар аз уақыт ішінде теміржол арқылы жеткізілді. Техникалық көмек көрсету көлігі - көп мақсатты көліктерді ағымдағы жөндеу, техникалық қызмет көрсету және эвакуациялау жұмыстарын жүргізуге арналған. Ал MTП жылдың кез келген уақытында және кез келген ауа-райында автокөлік құралдарын жөндеу, эвакуациялау және техникалық қызмет көрсету үшін кең көп функционалдылыққа ие техника. Жылы ұстау үшін – 40 С°-тан + 40 С-қа дейінгі температурада МТП жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қалыңдығы 40 мм жылу өткізгіштігі бар материалдар пайдаланылады. Бұл құрылғы әмбебап болып табылады және батып қалған вагондарды шығаруға, оларды эвакуациялауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті бригада командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары подполковник Аслан Нұржанов.