Өткінші нөсер жауын салдарынан Рахат және Теңге ауылдарының көшелері мен үй аулаларын су басты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
“Рахат ауылы-8 үй ауласы, 1 көше, Теңге ауылы- 4 үй ауласы, 3 көшелерін нөсер жаңбыр басты. Қазір комуналдық қызмет пен өндірістік мекемелерден 12 су сору техникалары, қалалық төтенше жағдайлар бөлімі және комуналдық қызметтердің 5 мотопомпалары су сору жұмыстарын жүргізуде. Жағдайға байланысты түнгі мезгілге де ауысыммен жұмыстар атқару жоспарланған” деді Жаңаөзен қалалық әкімдігінің өкілдері.