Тәуелсіздіктің құрдасы неонатолог-реаниматолог дәрігер Данагүл Дауылбаева Маңғыстау облыстық "Ана мен бала" перинаталдық орталығында еңбек етіп жүр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Ол аталған орталықтың "Жансақтау" бөлімінде уақытынан ерте туған сәбилер мен нәрестелердің түрлі деңгейдегі туабітті ақауларына ота жасап, ем көрсетеді.
- Бала күнгі арманым мені биік шыңдарға жетеледі. 2009 жылы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіне оқуға түстім. 2018 жылы оқуды аяқтағаннан соң, осы перинаталдық орталыққа жұмысқа орналастым. Тәуелсіздік құрдасы ретінде елімізге амандық, денсаулық тілеймін, - деді неонатолог-реаниматолог дәрігер Данагүл Дауылбаева.