Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті электрмен жабдықтау қызметін көрсететін “Маңғыстау-жарық” мекемесі шекті бағаларды көтеру бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
2024 жылдың 18 маусымында Мұнайлы ауданында 24 квартал, № 10/5 ғимарат мекен-жайы бойынша сағат 10:00-де қоғамдық тыңдау өтеді.
Ақтау қаласында тыңдау 18 маусымда 4 шағын аудан, № 71 ғимарат (Абай мәдени орталығы) мекен-жайы бойынша сағат 16:00-де өтеді.
«Департамент мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, БАҚ және басқа да мүдделі тұлғаларды қоғамдық тыңдауларға қатысуға шақырады», - деп хабарлады монополияға қарсы департамент.