Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов вице-министрлер мен департамент директорларының қатысуымен Каспий теңізін сақтау мәселелері бойынша аппарат кеңесін өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қатысушылар Каспийдің су деңгейінің төмендеу мәселесі және бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылады.
Вице-министр Болат Бекнияз су деңгейінің ең төменгі көрсеткіші 1970 жылдардың ортасында тіркелгенін, ал төмендеу көбінесе циклдік сипатта болатынын айтты.
Жаңа институт су деңгейінің мониторингі және Каспий экожүйесін зерттеумен айналысатын, сондай-ақ Каспий жағалауындағы өзге мемлекеттерімен өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз етпек.
Халықаралық ынтымақтастық Каспий теңізінің ортасын қорғау жөніндегі Негіздемелік конвенцияға сәйкес өтеді. Сондай-ақ барлық Каспий аумағы елдері арасында ғылыми зерттеулер бойынша келісім дайындалуда.
Қазіргі уақытта институт құру туралы қаулы жобасы жасалуда. Бұдан бөлек республикалық бюджеттік комиссиясының қарауына шығарылатын қаржы-экономикалық негіздеме әзірленуде. Министр өз кезегінде барлық қажетті құжаттарды дайындауды жеделдетуді тапсырды.
Вице-министр Нұрлан Алдамжаров министрлік жанынан Каспий теңізі және жағалауындағы барлық мемлекеттермен өзара іс-қимыл мәселелерімен айналысатын Су ынтымақтастығы басқармасы ашылатынын хабарлады. Ал Трансшекаралық өзендер департаменті Каспийдің негізгі саласы болып табылатын Еділ өзені бойынша белсенді жұмыс жүргізбек.
«Мәселе – күрделі, сондықтан құрылып жатқан ғылыми-зерттеу институтынан Қазақстан үшін ғана емес, Каспий жағалауындағы басқа мемлекеттер үшін де өзекті мәселелерді зерттеу бойынша кешенді жұмыс талап етіледі. Жаңадан құрылған халықаралық ынтымақтастық, су саясаты және ғылым мен инновация департаменттері жинақталған мәселелерді шешу жолын табу үшін бір-бірімен тығыз жұмыс істеуі керек. Біз шекаралас мемлекеттердегі әріптестерімізбен бірге жұмыс істейтін боламыз»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.