Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Хайдар Төлеуішов облыста аумақтарды санитарлық тазалау нәтижесінде 300 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық жиналды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сенбілікке облыстың 2 мыңға жуық тұрғыны қатысты, оның тең жартысы ақтаулықтар, оның ішінде мемлекеттік мекеме қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындардың өкілдері мен еріктілер бар.
«Бүгін бәріміз бірігіп, 300 тоннаға жуық қоқыс жинадық. «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері 37 мыңға жуық маңғыстаулық тазалық жұмыстарына қатысып, 507 арнайы техника жұмылдырылды. Осы уақыт ішінде жиналған қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі шамамен 1500 тоннаға жетті. Елді мекендерден бөлек, 144 тарихи, мәдени ескерткіштерінің аумағында абаттандыру және тазалау жұмыстары жүргізілді», — деді Хайдар Төлеуішов.