Іс-шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сенбілік кезінде жағалауда шағын және орта бизнестің кемінде он нысаны шоғырланған: «Берекет Ф» ЖШС, «Ақ Нек» сүт зауыты, «Ақ нан» -тоқаш зауыты, макарон фабрикасы және т.б.
«Іс- шарада бірлік рухы, көтеріңкі көңіл-күй қатты сезілді. Жергілікті билік өкілдері ұйымдастырған сенбілік әркім өзін қажет және маңызды сезінетін керемет іс-шараға айналды. Бұл іс-шара кәсіпкерлерді біріктірді. Өйткені біз өзіміздің сүт, нан-тоқаш өнімдерін, жемістерді, макарон өнімдерімізді таныстыра алдық. Тазалық бізден, отбасымыздан және балаларымыздан басталады. Қаланы жақсы көрейік, оны қорғайық және оған қамқорлық жасайық», - дейді «Берекет Ф» компаниясының өкілі, кәсіпкер Анара Күлчикова
Кәсіпкерлер тек жәрмеңкеге келген жоқ, қаладағы тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты.