Маңғыстаулық спортшы дзюдодан Ашық Еуропа кубогының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
11-12 ақпан аралығында Болгария астанасы Софияда дзюдо бойынша Ашық Еуропа кубогы өтті. Sofia European Open 2023 халықаралық бәсекесінде әлемнің 43 мемлекетінен 396 спортшы бақ сынады.
Аталған сында 81 келіде өнер көрсеткен маңғыстаулық Руслан Мұсаев жарыстың қола жүлдегері атанды. Осы салмақта алтын медальды Грузия елінің спортшысы иеленсе, күміс жүлде мысыр спортшысына бұйырды.
Маңғытау облысы бойынша дзюдодан аға жаттықтырушы Пернехан Төлеповтың айтуынша, Руслан алғашқы белдесулерінде Египет және Белгия мемлекеттерінің спортшыларынан басым түскен.
Үшінші белдесу де жерлемісіздің асығы алшысынан түсіп, Израиль дзюдошысынан басым түсті. Алайда жартылай финалдағы сында тағы бір мысырлық спортшымен жолы түйісіп, айласын асыра алмады. Ал қола жүлде үшін белдесуде Молдава спортшысын ұтып, 81 келіде үздік үштіктің қатарына енді.