Өңір полицейлері мотоцикл мен скутерлерге қатысты болатын жол-көлік апаттарының алдын алу бойынша рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Іс-шара барысында Жаңаөзен қаласында 10-нан астам адамға әкімшілік хаттама толтырылды.
Бірі көлік құралын басқару құжатынан айрылса да мотоцикл жүргізсе, ал бірінің мүлдем құжаты болмаған. Шлемсіз мотоцикл айдағандар да анықталды.
Тиісті құжаттары жоқ, оған қоса шлемсіз мотоцикл айдаған 15 жасар жасөспірімнің әкесіне әкімшілік хаттама толтырылды.