© traektoria.ru
Маңғыстау облысында теңізге шомылған екі ер адам құтқарылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ТЖМ мәліметінше, 10 маусым күні түнде 1998 және 1996 жылдары туған екі жергілікті тұрғын sup board-пен сырғанауға теңізге барғаны анықталып отыр.
Алайда су ағыны жастарды теңізге алып кеткен. Іздестіру жұмыстары 8 сағатқа созылып, құтқарушылардан бөлек, әскери теңізшілер де аталған жұмысқа тартылды. Ал іздеу нәтижесінде жоғалған екеуі таңертең ерте теңіз жағалауынан 5 шақырым жерде Көгілдір айлақ аумағында табылды.
Қазіргі уақытта екі адамның жағдайы тұрақты. Оларға Ақтау портына жеткізілгеннен кейін медициналық көмек көрсетілді.