© Талант ҚҰСАЙЫН
Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңір жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысының халқымен кездесуді аша отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің бірегей ерекшеліктеріне тоқталып, облыстың даму мен өркендеу үшін зор әлеуеті бар екенін атап өтті.
Президент өңірдің бірқатар басым бағыттарын белгіледі:
Бірінші: өңдеу өнеркәсібін дамыту және кәсіпкерлікті қолдау.
Екінші: көліктік-логистикалық және инвестициялық әлеуетті арттыру.
Үшінші. Маңғыстау облысының сумен жабдықтау және инженерлік инфрақұрылым жүйесін жаңғырту, Ақтау және Жаңаөзен қалаларын дамыту.
Төртінші. Білім беру және денсаулық сақтау саласын дамыту, жастарды қолдау.
Бесінші. Ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру және азық-түлік нарығын дамыту.
Алтыншы. Өңірдегі туризмді дамыту.
Жетінші. Экологиялық мәселелерді шешу.