Ақтауда 22 наурыз күні мерекеге орай 14 шағынаудан «Астана» сауда орталығынан бастап, «Самал» шағынауданына дейін жол жабылады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Мұндай ауқымды іс-шара кезінде бала жоғалу фактісі жиі болады. Маңғыстау облыстық полиция департаменті ата-анаға мереке қарсаңында балаларын қараусыз қалдырмай, қадағалауын сұрады.
Егер өңір тұрғындары бала жоғалтқан жағдайда 102 желісіне немесе 15 шағынаудан 28 үйде орналасқан учаскелік полиция пунктіне жүгіне алады.