Маңғыстауда табиғи, көрікті жерлерді көруге келген тұрғын айыппұл арқалады. Ол Қызылкүп шатқалына қоқыс тастап, табиғатты бүлдірген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, демалуға келіп, қоқыс қалдықтарын тастағаны тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабының 1 бөлігімен 18 460 теңге айыппұл салынды.
Осы орайда Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері тұрғындар мен туристерге үндеу жолдады. Олар табиғи орындарға келген әрбір тұрғын табиғатты аялап, қоқыс пен коммуналдық қалдықтарды тастамауы қажет екенін ескертті. Егер табиғатты бүлдіріп, табиғи нысандарды қоқысқа толтырса, заң аясында шара қолданылатынын айтты.