Ювеналды полиция қызметкерлері көшедегілерді ойыншық тапаншамен қорқытқан 13 жасар бұзақыларды анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналары полиция басқармасына жеткізілді.
Олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.