Облыс әкімдігінде 2024-2025 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысын колледждерге орналастыру жөнінде конкурстық комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz МО білім басқармасына сілтеме жасап.
Бұл мемлекеттік тапсырыс техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған.
Комиссия колледждер ұсынған өтініштері мен мамандықтар бөлінісіндегі ақпараттық картасы негізінде сәйкестікке бағалау жүргізді.
Нәтижесінде мемлекеттік тапсырыс 8 сала, 70 мамандық бойынша колледждерге берілді.
Салалар:
Білім;
Өнер және гуманитарлық ғылымдар;
Кәсіпкерлік басқару;
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
Ауыл шаруашылығы;
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыздандыру;
Қызмет көрсету.
Кадр даярлауда бөлінген мемлекеттік тапсырыс алған колледждер мамандықтар тізімімен қоса білім басқармасының ресми сайтында жарияланады.