Әлеуметтік желіде Онды ауылының аумағында қарғын су жайылғаны жөнінде видео тарады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ауыл әкімі Қуаныш Жәнібекұлы бұл судан ауылға ешқандай қауіп жоқ екенін айтып отыр.
- Бүгін Онды ауылы аумағында бұршақ аралас жаңбыр жауып өтті. Ауылдан 3,5 шақырым қашықтықта жаңбыр суынан жиналған қарғын өз жолымен ағып жатыр. Нақтырақ айтқанда Қараған сайға жол асты көпір арқылы құйылып жатыр. Ауылға қауіп жоқ, - деді Қуаныш Жәнібекұлы.