Бүгін 25 маусым күні Өмірзақ ауылының әкімін сайлау өтіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сайлау учаскелері өз жұмысын 7:00-де бастаған, дауыс беру кешкі 20:00 дейін жалғасады.
- Тұрғындар ауыл әкімін сайлауға белсене араласуда. Бүгін ауылымызда 3 сайлау учаскесі жұмыс жасап тұр. Оның екеуі, яғни №56 және №243 сайлау учаскелері №27 орта білім беру мектебінде орналасқан,- деді №243 сайлау учаскесінің төрайымы Дамен Нурбаева.
Айта кетейік, 2021 жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ауыл, ауылдық округ, кенттердің және аудандық маңызға ие қала әкімдерінің сайлауы өтетінін айтқан болатын.