Өмірзақ ауылының «Приозерный-3» елдімекенінде спортзал салу жұмыстары басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың тамыз айында басталған. Қазіргі таңда спортзалдың іргетасы және 1 қабаттың тастары қаланды. Қосымша қазандықтың және инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде. Яғни құрылыстың 30%-ы аяқталды. Екі қабатты спортзалдың жалпы ауданы – 2204м2.
-Болашағымыз - жастар дегенді көп айтамыз. Сондықтан балаларымыздың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау керек. Осы мақсатта «Приозерный-3» елді мекенінен спортзал салуды қолға алдық. Құрылыс 2023 жылдың мамыр айында аяқталады,-деді Ербол Ізбергенов.
Айта кетейік, мердігер мекеме «Оңдасын Строй» ЖШС. Құрылыс ұзақтығы 9 айға созылады.