Құрылыс жұмыстары жыл аяғына дейін аяқталып, Өмірзақ ауылы орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады. Бұл туралы бүгін Өмірзақ ауылында өткен тұрғындарға есеп беру кезінде ауыл әкімі Бейсенғали Кенжалиев мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Орталықтандырылған кәріз жүйесінің жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, “Гранд Азия” мекемесімен келісім-шарт жасақталған.
-Қазір мердігер мекеме қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп жатыр. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады. Ал, қатты тұрмыстық қалдықтар бойынша аталған елді-мекенге жеке кәсіпкер қызмет көрсетеді. Жоспардан тыс заңсыз тасталған қатты қалдықтар, қоқыстар да шығарылды. 15 наурыз бен 15 мамыр аралығы “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Өмірзақ елді мекенінен 400 тонна қоқыс шығарылды. Ауыл тұрғындарының шағымы бойынша қураған ағаштар да кесілді, - деді Б. Кенж алиев.