© қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтауда мемлекеттік қызметшілер арасында «BasTime Aktau» quiz интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиын қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асты.
23 маусым мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткізілген шара «Маңғыстау жергілікті бастама орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді. Сайысқа облыс және қала әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінен құралған 7 команда қатысты. Интеллектуалды ойын алты кезеңнен тұрды. Шарада негізінен сыбайлас жемқорлық, құқық, тарих пен мәдениет, әдебиет, музыка, өнер саласы бойынша танымдық және логикалық сұрақтар қойылды.
- Интеллектуалды ойынның мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің имиджін қалыптастыру. Бұл шара 23 маусым мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылды. Интеллектуалды ойын тартысты өтті деп ойлаймын. Шараға белсенділік танытып қатысқан мемлекеттік қызметшілерге алғысымды айтамын, - деді «Маңғыстау жергілікті бастама орталығы» қоғамдық қорының директоры Жақсыгүл Маханбетова.
Сайыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар марапатталды.
І орын - «Сәулет» командасы(Ақтау қалалық құрылыс бөлімі және және қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі);
ІІ орын - «Қаржыгер» командасы(Маңғыстау облыстық қаржы басқармасы);
ІІІ орын «Саясат» командасы(Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі және қалалық қаржы бөлімі).
Қалған командаларға алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табысталды.