Биыл бірінші рет лагерьлер үшін бірыңғай талаптар әзірленді, қосымша білім беру саласындағы еріктілер мен педагогтер жұмысқа тартылды, лагерьлерді қабылдау мен нұсқама өткізудің республикалық мониторингі құрылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдары бекіткен балаларды сауықтыру орталықтарының тізілімі жолданды.
«Балалардың қауіпсіздігін басты назарға ала отырып, жазғы демалысты өткізу мәдениетін қалыптастыру қажет. Сондықтан әріптестер, балаларды қорғау шараларын қатаң бақылауға алып, жұмысты күшейту керек. Сіздерге тиісті әдістемелік құралдар мен алгоритмдер жолданды. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда білім басқармаларының басшыларына жеке жауапкершілік жүктеймін», - деп атап өтті оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Биыл жазда барлығы 3,1 млн баланы, яғни оқушылардың 88,2%-ын демалыспен қамту жоспарланып отыр. Ол үшін 10 630 демалыс орталығы әзірленді.