Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығында Ресей, Грузия елдерінен келген дәрігерлер емдеудің жаңа тәсілдері мен мүмкіндіктерін пайдаланып, жедел гинекологиядағы эндовидеохирургиялық әдіспен шеберлік сағатын өткізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Шеберлік сағаты барысында Санкт-Петербург қаласынан келген академик И.П.Павлов атындағы БСПММУ-нің акушерлік, гинекология және репродуктология кафедрасының меңгерушісі, акушерлік және гинекологиялық клиниканың жетекшісі, м.ғ.д., профессор В.Ф.Беженар «Лапароскопиялық миоэктомия», «Лапароскопиялық экстирпация», «Инфильтративті эндометриоз" оталарын жасады. Ал Ф.Иноземцев атындағы медициналық академиясы», ҚКББ ЖББМ жедел гинекология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д Академик И.Павлов атындағы БСПММУ-нің акушерлік, гинекология және неонатология кафедрасының профессоры, РҒА КБ СП жетекші гинекологы А.Н.Плеханов «Вагинальдық гистерэктомия», «Генитальдық пролапс кезіндегі хирургиялық коррекция» отасын сәтті орындады. «Иннова» медициналық орталығының жедел гинекология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымының докторы И.В.Тодуа «Лапароскопиялық экстирпация», «Стресстік зәр ұстамау кезіндегі TVT-O отасы», «Лапароскопиялық миоэктомия» оталарын онлайн режимде жасады.
- Бұл дәрістер біздің мамандар үшін тәжірибе алмасуға және жаңа ақпараттар алуға зор мүмкіндіктер береді. Айта кетейік, бұрын тек дамыған елдерде жасалатын күрделі оталар, оның ішінде Қазақстанда алғаш рет колоректальдық эндометриозға отаны эндоскопиялық және реконструктивті гинекология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты хирург-дәрігер Нұрлан Сағидуллаұлы Жакиев жасайды. Біздің орталықта елдің түпкір-түпкірінен пациенттер дәрігер Н.Жакиевке инфильтративті эндометриоз, гистероскопия, жатыр пролапсы, эндометрия патологиясы диагнозымен келуі соңғы жылдары қалыпты жағдайға айналды, - дейді облыстық перинатальдық орталығының мамандары.