Сіздерді еліміздің ең айтулы мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен былтыр еліміздің ұлттық мерекесі қатарына қайта қосылды. Көпшілік білетіндей, 1990 жылғы 25 қазанда «Егемендік туралы» декларация қабылданды, еліміз тәуелсіздікке бет бұрды, азат болудың алғышарты жасалды. Сондықтан біз үшін бұл күннің орны ерекше.
Қай халық үшін болса да азаттықтан асқан ұлы ұғым, тәуелсіздіктен биік тұғыр болмаса керек.
Республика күні – Ұлтымыздың еңсесін көтеріп, рухын асқақтатқан ең құнды мереке. Ұлттық мерекеміздің мән-мағынасын жас ұрпаққа түсіндіру, патриотизмді күшейтіп, ел бірлігін сақтау – әрбір Қазақстан азаматына артылған қасиетті борыш.
Мемлекет басшысының «Біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес.
Сондықтан, маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ», - деген сөзі әрқайсымыздың жадымызда жатталып тұр.
Қадірменді жерлестер!
Осынау мәні терең, мерейлі мерекемен құттықтай отырып Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық ел болашағы мен халық игілігі жолындағы мақсатты істеріңізге сәттілік тілеймін.
Ел іргесі бүтін, халқымыз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!
Құрметпен,
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев
#republicday