Ақтауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен аппараттық кеңес өтті, онда алдағы 2023-2024 жылыту маусымына дайындық жұмыстары талқыланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Әбдеш Түрікменбаев жылыту маусымына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік объектілердің дайындығы туралы ақпараттарды ұсынды:
* Білім саласы: 334 бірлік (99% дайындық).
* Денсаулық сақтау: 105 бірлік(97% дайындық).
* Қазандықтар: 406 бірлік (93% дайындық).
* Тұрғын үйлер: 1853 бірлік (50% дайындық).
Сондай-ақ жылу желілерін жөндеу жоспары ұсынылды, атап айтқанда:
* Күрделі жөндеу: 4,4 шақырым жоспарланған, оның 77% - ы жөнделген.
* Ағымдағы жөндеу: 15,9 шақырым жоспарланған, оның 38% - ы жөнделген.
Ақтау қаласына жергілікті бюджеттен 331,1 миллион теңге бөлініп, 163 автоматтандырылған басқару торабын (АТП) сатып алу бойынша, конкурстық іс-шаралар жүргізілуде. Нәтежесі 30 қыркүйекте белгілі болмақ.
Сонымен қатар Ақтау қаласының төрт шағын ауданында жалпы қуаттылығы 906,3 миллион теңге болатын, қазан айында іске қосылуы жоспарланған 40 МВт Блокты-модульді қазандықтарды орнату жоспарланған.
Жылу желілерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 3,5 миллиард теңге бөлінді. Ақтау қаласының үш шағын ауданындағы желілерді қайта жаңарту және орталық жылу пунктінің құрылысы жұмыс процесінде.
Нұрлан Ноғаев жылыту маусымына дайындықтың маңыздылығын атап өтіп, Ақтау қаласының әкімдігіне жылыту маусымы басталғанға дейін жұмыстарды аяқтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке барлық өңірлердегі жылу беру маусымының дайындығын бақылауды тапсырды. Уақыт көп емес, сондықтан барлық жұмыстар қыс келгенге дейін аяқталуы керек. МАЭК жабдығының 80% тозуына қарамастан, біз ауа-райы суытқанға дейін жылу жүйелері мен коммуналдық желілердің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауымыз керек. Бұл барлық уәкілетті органдар мен коммуналдық қызметтердің бірлескен күш-жігерін, сондай-ақ мердігер мекемелер тарапынан жауапкершілікпен қарауды талап етеді, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.
Сонымен қатар кеңесте облыстың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына сәйкес Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы жұмыстарының аралық нәтижелері қаралды.