Ақтауда 33 шағын аудандағы №6, №7 тұрғын үйде 9 қыркүйек күні жарықтың авариялық өшуі болды. «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК мәліметінше, аталған үйлердегі авариялық өшу ТП 33-21, ТП 33-22 подстанцияларынан шығатын басты кабельдердің зақымдануынан болады. Яғни, аталған үйлерге электр энергиясын тасымалдайтын кабельдер тұрғын үй салып жатқанда зақымдалған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 қыркүйек күні «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК 33ш/а №6, №7 тұрғын үй маңында зақымдалған екі қуаттаушы кабельді ауыстыру жұмыстарын бастады.
9 қыркүйек күні 33ш/а №6, №7 тұрғын үйлерде жарықтың авариялық өшуі орын алды. Осыған байланысты «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК тексеру кезінде екі басты қуаттаушы кабельдің зақымдалғанын анықтады. Мамандардың айтуынша, бірінші кабель жеті жерден зақымдалған.
-«АЭЖБ» МКК қызметкерлері екі қуаттаушы кабельдің біреуін қалпына келтірді. Кейін екінші кабель жөндеуге жарамсыз екені анықталды. Қазіргі таңда екі кабельді де жаңасына ауыстыру жұмыстары жүргізілуде, - деді «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК-нің директоры Ақлен Сарсенғалиев.
Ақлен Сарсенғалиевтің айтуынша, 33 шағын ауданда инженерлік желілер 2015 жылы жүргізілген.
-Аталған шағын ауданда инженерлік желілер 2015 жылы жүргізілген. Ол кезде 33 шағын ауданда №6 және №7 үйлердің құрылысы енді ғана басталған еді. Бүгінгі таңда кабельдер жарамсыз. Өйткені тұрғын үйлердің құрылысына байланысты кабельдер бірнеше рет механикалық зақымға ұшыраған. 33 шағын ауданда 9 қыркүйек күні болған авариялық өшуді тексеру нәтижесінде ТП 33-21, ТП 33-22 қосалқы станцияларынан шығатын бас кабельдердің жеті жерінен зақымдалғаны анықталды. Мамандар екі ауысымда бірінші кабельді қалпына келтіру жұмысын жүргізді. Екінші кабельді де қалпына келтіруге тырыстық. Алайда оны қалпына келтіру мүмкін болмады. Сондықтан екі кабельді толығымен ауыстыру туралы шешім қабылданды. Себебі қосалқы станция қазіргі уақытта тек бір кабельмен жұмыс жасап тұр, - деді Ақлен Сәрсенғалиев.