Қызылтөбе ауылының «Мұстафа» мешіті аудандағы №26 жатақханаға орналасқан Құлсары тұрғындарына Ораза айт сыйлығын таратты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мұнайлы ауданының әкімдігі шараны ұйымдастыруға Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы мұрындық болғанын мәлімдеді.
- Құлсарыдан келіп тұрмыз. Маңғыстау ауылына немереммен, келініммен келіп, орналасып жатырмыз. Бүгін айт мейрамына орай сыйлық таратып жатыр екен. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасына, атсалысып жатқан адамдарға рақмет. Жолдарыңыз ашық болсын!, - деді Құлсары қаласының тұрғыны.
Мұндай шара ауданның басқа мешіттерінде де жалғаспақ.