Мұнайлы ауданының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында жүргізілген талдаумен мектептер жанындағы жазғы сауықтыру лагерлерінің ас мәзірі заңнама талаптарына сәйкес келмейтінін анықтады.
“Атап айтқанда, ас мәзіріне қажетті витаминдирге бай тағамдар қосылмағандығы (балық, жұмыртқа, сүзбе), сондай-ақ, екінші таңғы ас және диеталық ас мәзірі жоқтығы, ал балалардың жас ерекшелігіне байланысты берілетін тағамдардың порция массасы нормадан аз екені анықталды”, деп мәлімдеді Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Нәтижесінде, Маңғыстау облысының білім басқармасына енгізілген ұсынумен мектептер жанындағы ас мәзір заңнама талаптарына сәйкестендіріліп, 3 мыңнан астам баланың конституциялық құқықтары қорғалды, сондай-ақ ас мәзірін бекіткен аудандық білім бөлімінің басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.