Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы Қарақия ауданында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі күнге дейін акция аясында 70-тен аса шара өтіп, аудан ажары ашыла түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі тазалық жұмыстарына «Қарақия кәсіптік колледжі» қызметкерлері қатысты. Ауқымды сенбілік іс-шарасына ауданның барлық мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары атсалысуда. Сенбілікте 5 тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылып, 3 техника жұмылдырылды.
Айта кетейік, науқан басталғалы бері аудан аумағына қарасты ауылдар, бөлімдер, мердігер мекемелер тазалық жұмыстарын жүргізіп, көшелердің қасбеттерін қалпына келтіру жұмыстарын жасады.
«Таза Қазақстан» акциясы ауданда әлі де жалғасын табады.