Бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған Мұнайлы ауданының тұрғыны бас бостандығынан айырылды. Ол мас күйінде қайтадан көлік айдап, жол апатына түскен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Zakon.kz сілтеме жасап.
Ер адам Daewoo Matiz көлігімен Nissan Tida автокөлігінің бамперіне соғылған. Келтірілген шығын - 50 мың теңге.
Сот істі орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жататын қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қарады.
«Бұған дейін ол екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Енді тағы дәл осындай қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған», - деп түсіндірді сот.
Daewoo Matiz автокөлігінің жүргізушісі Қылмыстық кодекстің 346-бабының 2-бөлігімен («Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын абайсызда зиян келтіру») бойынша кінәлі деп танылды.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау (ҚК-нің 58-бабы) ҚР бабына сүйене отырып, оған көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру және төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.