Шетелдік әуе компаниялары 5-ші дәрежелі «әуе еркіндігі» бар отандық бірқатар әуежайға шектеусіз ұша алады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік беріп, өз кезегінде әуе билеттерінің құнын төмендетуге және ұшу географиясын кеңейтуге ықпал етеді деп көзделіп отыр.
Айта кетейік, «Ашық аспан» режимі Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларының әуежайында орындалады.