Маңғыстау облысы ІІД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кезінде «Дәрмек» ОПҚ аясында Мұнайлы ауданының тұрғынын ұстады. 46 жастағы азаматтың тұрғылықты жерін тінту барысында ас қасықтан «апиын» есірткі заты табылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар есірткі қолдануға арналған қара түсті өнімнің бір данасы тәркіленді.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.