Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының негізін қалаушы Әсел Тасмағамбетова Каспий итбалықтарының жаппай қырылуына мұнай компанияларының қызметі де әсер ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қазақстанның мұнай-газ кеңесіне сілтеме жасап.
"Бүгінгі таңда Каспийдегі экологиялық жағдай апатқа жақын болғандықтан, бізде итбалықтарының популяциясын жоғалту мүмкіндігі жоғары болып отыр. Бұл қазірдің өзінде анық байқалады. Мәселен, биыл орталыққа бірде-бір тірі итбалық түскен жоқ, табылған жануарлардың бәрі өлі болды", - деді Әсел Тасмағамбетова.
ХХ ғасырдың басында Каспийде миллионнан астам итбалық өмір сүрген болса, содан бергі 100 жыл ішінде олардың саны 90 пайызға дейін төмендеген.