Ақтау қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының қызметкерлері облыстық әкімдікке қарама-қарсы автожолда мемлекеттік нөмірдің орнына «Свой» сөзін жаздырып алған әрі жол қозғалысы ережесін бұзған «Mercedes -Benz» маркалы көліктің жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Жедел басқару орталығы дереу патрульдік полиция батальонының қызметкерлерін жіберіп, жедел әрекет ету нәтижесінде көлік тоқтатылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 2-тармағы және осы Кодекстің 612-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталды.
Автокөлік құралының мемлекеттік белгісі алынып тасталды және автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.
Маңғыстау облысының ПД жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдықтан аспауға шақырады.