Акцияны Маңғыстау облысының іскер әйелдер кеңесі жыл сайын өткізеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Акция қан тапсыруға бағытталған, өйткені қанша донор болса, сонша адамның өмірі сақталады.
-Ауруханадағы балаларға, перинаталдық орталықта жатқан болашақ аналарға біздің көмегіміз керек.Қосылыңыздар, – дейді облыстық іскер әйелдер кеңесі өкілдері.
Қан тапсырудың белгілі талаптары бар.
Мынадай жағдайда тапсыруға болмайды:
1) етеккір кезінде (тек соңғы күннен кейін немесе 5 күннен кейін);
2) қан қысымы үнемі төмен болса (жоғарғы шек 90 мм сын. бағ және одан төмен);
3) салмағы 55 кг кем;
4) соңғы 10 күн ішінде тіс дәрігеріне барған болса;
5) егер соңғы айда жеңіл операциялар болса, соңғы 4 айда іш қуысына операциялар болса;
5) түсік түсіргеннен кейін 6 ай ішінде;
6) А, В, С гепатиттерімен ауырған болсаңыз
7) жүрек ауруы болған кезде;
8) уролития;
8) туберкулезбен ауырған болсаңыз;
9) АИТВ.
Қан тапсырар алдында (10-15 минутты қажет етеді):
1) сауалнаманы толтыру;
2) қысымды өлшеу;
3) қан тобын анықтау;
4) АЛТ – бауыр ферментін анықтау;
5) Хилез бойынша қанды анықтау (майлылығы).
Қан тапсыру процесінің өзі дененің ерекшеліктеріне байланысты 5-7-12 минутқа созылады. 450 мл қан тапсырылады.
МАҢЫЗДЫ:
Қан тапсырар алдында кешке:
Майлы тамақ жеуге болмайды, жеңіл тамақтану қажет.
Қан тапсырар күні таңертең
қант қосылған сүтсіз шай, құрғақ печенье жеген абзал. Жұмыртқа, май, қаймақ, сүзбе жеуге болмайды. Тек суға қайнатылған ботқаны жеген дұрыс.