Маңғыстаулық еріктілер су басып жатқан Құлсары қаласына 3 тонна жанармай жеткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтаулық журналист әрі ерікті Тілекқабыл Файзуллин жанармай судың жолын бөгеп жүрген құлсарылықтарға үлестірілгенін айтты.
- 1 тоннаны «Сұңқар» жанармай бекеті тегін берді, 1 тоннасын сол жанармай бекеті иелерінің достары алып берді. Ал 1 тонна бензинді маңғыстаулықтардан жиналған қаражатқа алдық. Қазір алып келген заттың барлығын таратып болдық, енді Ақтауға жолға шығамыз, - дейді Тілекқабыл Файзуллин.
Бұдан бөлек, еріктілер тамақ пен көрпе-төсек, күрек, қапшық, қайық, резеңке аяқ киім, гигиеналық заттарды жеткізген.