30-31 қазан күндері Маңғыстау жастарының қаржылық сауаттылығын арттыру үшін республикалық деңгейдегі тренер, қаржыгер, есепші Гүлнұр Нұрланқызымен кездесу өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аталған кездесулер 30-31 қазан күндері Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы ауданында өтеді. Спикер жастардың қаржылық сауаттылығы, табыс таба білу және қаржыны жұмсай білу мәдениеті, жеке кәсіпкерлікті бастау, оны дамыту және өзге де тақырыптарда ой өрбітпек.
Нақтыласақ, кездесу Жаңаөзен қалалық «Оқушылар шығармашылық үйі» ғимаратында, сағат 10:00-де, Қ. Сыдиықов атындағы кітапханада сағат 16:00-де және Мұнайлы аудандық Мәдениет үйі ғимаратында сағат 10:00-де өтеді.
Іс-шара Маңғыстау облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы негізінде, «Жастар керуені» жобасы аясында жүзеге асқалы отыр.