Ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар дауыс беруге басшыларымен бірге барды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Арнайы жұмыс киімдерімен келген теміржолшылар саяси науқан кезінде әр азаматтың дауысы маңызды екенін айтады. Өйткені, сайлау – ел экономикасының болашағын нығайтуға жасалатын қадамдардың бірі деп есептейді.
- Биылғы сайлау ерекше. Бұл еліміз үшін жаңашыл нәрсе. Сондықтан біз ұжымымызбен дауыс беруге келдік. Себебі бұл науқан экономикамызға, елді жаңартуға, жаңа Қазақстан болуға әсерін тигізеді, - дейді «Вагонсервис» АҚ аға шебері Қуаныш Еңсегенов.
Жолаушылардың сапарын жайлы ету үшін еңбек етіп жүрген бұл азаматтар ешбір саяси науқаннан қапы қалмаған. Әр сайлау сайын дәл осындай ауызбіршілікпен дауыс беріп, тек өзіміздің емес, балаларымыздың да ертеңі үшін таңдау жасаймыз деп отыр.